ҚАПТАЛҒАН КЕРАМИКАЛЫҚ КІРПІШ

«Хромтау кірпіш зауыты» Ақтөбе облысы, Хромтау қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан. Зауыт алғашқы кірпішін 2001 жылы өндірді. Біз өндіруші зауыт болып табыламыз және МЕМСТ 530-2012 стандартына сәйкес керамикалық кірпіш өндірумен айналысамыз. Қазіргі таңда біздің италиялық жабдықтарымыз Қазақстан нарығында сұранысқа ие сапалы әрі сенімді өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Керамикалық кірпіш – ұсақ фракциялы сазды өңдеу арқылы алынатын сенімді құрылыс материалы. Белгілі бір қасиеттерге қол жеткізу үшін оның құрамына түрлі қоспалар қосылады. Өнімдер арнайы пештерде күйдіріледі, онда температура 1100°С-қа дейін жетеді. Нәтижесінде дайын керамикалық кірпіш жоғары механикалық беріктікке ие болады. Құрылыс жоспарын әзірлеу кезінде тұрғызылатын нысанның ұзақ мерзімді әрі берік болуы үшін өнім түрін дұрыс таңдау маңызды.


Бірлік және бір жарым кірпіш құрылыс саласында кеңінен қолданылады: олар қаптау жұмыстарында және ішкі қалқаларды тұрғызуда пайдаланылады.
Өнімдер мен қызметтердің толық тізімімен төмендегі сілтемелер арқылы танысуға болады:
https://www.instagram.com/too_hkz/
- -де жасалған



