25-ші Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі
25-ші Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

РЕСМИ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТТАРЫ 2023

Жүнісбеков Бақытжан Мұратұлы, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары

Құрметті көрмеге қатысушылар мен қонақтар!

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің атынан AstanaBuild 2023 23-ші Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесінің қатысушылары мен қонақтарын құттықтаймын.

Құрылыс саласы басым позициялардың бірін алады және Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Жеңілдікті тұрғын үй құрылысының көлемі артып келеді. 2022 жылы тұрғын үй құрылысына инвестициялар 16,8%-ға өсті, бұл 2,9 трлн теңгені құрады. Мемлекеттік инвестициялар есебінен 17,3 мың пәтер салынды. Биыл 15,3 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Қазіргі заманғы құрылыс жүйелері мен сәулеттік шешімдерді пайдалану Қазақстанның құрылыс кешені үшін маңыздырақ. Сондықтан осы саладағы соңғы әзірлемелерді көрсетуге арналған мамандандырылған көрмені өткізу өзекті бола түсуде.

AstanaBuild көрмесінің бай іскерлік бағдарламасы саланың өзекті мәселелерін талқылауға, оларды шешу жолдарын әзірлеуге және қазіргі замандағы құрылыс индустриясын дамытудың негізгі мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.

Іс-шараға қатысушылар мен қонақтарға сындарлы жұмыс, қызықты кездесулер мен жемісті байланыстар тілеймін!