25-ші Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі
25-ші Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

АСТАНАННЫҢ ДАМУЫ

Астана ҚАЛАСЫНЫҢ 2021-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана бүкіл Еуразия кеңістігіндегі ең жылдам өсіп келе жатқан мегаполистердің бірі болып табылады. Өңірлік бөліністе елорда үлесіне ЖІӨ-нің 10%-ы тиесілі. Экономика құрылымында сауда саласы – 18,6%, құрылыс және өнеркәсіп үлесіне – 7,9% және 5,8%-дан келеді.

1 Бағыт. Қала тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасы деңгейінің өсуі:

Мақсат 1. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру, тұрақты және нәтижелі болуын қамтамасыз ету.
Мақсат 2. Барлығына қолжетімді болашақ білімді ұйымдастыру.
Мақсат 3. Тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту.

2 Бағыт. Өмір сүруге жайлы қала – «адамдар үшін жасалған қала»:

Мақсат 1. Қауіпсіз және жайлы қалалық ортаның болуы.
Мақсат 2. ТКШ мен көлік инфрақұрылымын қалыпты дамыту.
Мақсат 3. Қазіргі және келешек ұрпақ үшін таза қаланың ұйымдастырылуы.

3 Бағыт. Заманауи бәсекеге қабілетті қала:

Мақсат 1. Қала экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және технологиялық инновацияларды дамыту.
Мақсат 2. Бизнестің экономикалық белсенділігі артуы үшін қолайлы орта құру.

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың меншікті (жеке) қаражаты, қарыз қаражаты.

Қаржыландыру көлемі (алдын-ала есептеулер):

  • 2021 жыл – 1 290,4 млрд. теңге
  • 2022 жыл – 1 236,9 млрд. теңге
  • 2023 жыл – 1 337,9 млрд. теңге
  • 2024 жыл – 1 474,2 млрд. теңге
  • 2025 жыл – 1 655,2 млрд. теңге

Қаржыландыру көлемі Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау және бекіту кезінде анықталатын болады.

Секторлар бойынша жұмыспен қамту құрылымы сауда, құрылыс, білім беру және мемлекеттік басқару зерттеліп отырған уақыт аралығында тұрақты болып қалады.

Бизнес көлемі бойынша экономика құрылымында шағын және орта бизнес басым. Ол қаланың номиналды ЖӨӨ-нің 54,2%-ын құрайды. Елорданың әрбір үшінші тұрғыны кәсіпкерлікпен айналысады. Бюджетке түсетін салықтың жартысынан көбі – бұл шағын және орта бизнестен түсетін салықтар.

Тұрғын үй құрылысының кешенді дамуы мәселелерін шешуді қамтамасыз ету:

  • Жалпы жоспарларға, анықталған жоспар жобаларына және ережелерге сәйкес дайындалған жер учаскелерін бөлу;
  • Инженерлік желілерді қамтитын жылу, су, газ және электрмен жабдықтау, телефондарды орнату, су орнату сияқты инженерлік-коммуникалиялық инфрақұрылымды салуды жоспарланған учаскелерге мақсатты түрде жүргізу;
  • 2025 жылға қарай тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін 38,6 шаршы метрге жеткізу мақсатында тұрғын үйді іске қосудың жыл сайынғы өсімі кемінде 1,3%–ды құрауы тиіс;
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында басталған объектілердің аяқталуы;
  • Көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және реттеу.
  • Ипотекалық тұрғын үйді «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатып алу кезінде, бастапқы жарнаны жабу үшін тұрғын үй сертификаттарын беру. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы, мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сатып алу кезінде бастапқы жарнаны жабу үшін тұрғын үй сертификаттарын беру;

ТКШ мен көлік инфрақұрылымының қалыпты дамуы:

  • Табиғи монополиялар субъектілерінің инвестицияларын тарту есебінен, коммуналдық сектордың жұмыс істеп тұрған объектілерін қайта жаңарту және жаңаларын салу;
  • 1-ші көтерілімдегі сорғы станциясы ЖСҚ-дан берілетін су тартқышты қайта құру; (1-ші көтермеден теміржол станциясына дейінгі учаске) ;
  • Үшқоңыр көшесі, Ақпан тұйық көшесі және Кеншағыл көшесі бойынша сумен жабдықтау желілерін салу;
  • ЛПУ-ды сумен жабдықтау және су бұрғылау желілерін салу;
  • Интернациональный тұрғын алабында жаңа сорғы-сүзгі станциясын құру;
  • Сумен жабдықтауға мониторинг жүргізу, яғни инженерлік желілерді түгендеу сонымен қатар паспорттау;
  • Өндіріс тұрғын алабындағы теміржол көлік құралдарының кептелу мәселесін шешу үшін жол салу;

Қала экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және технологиялық инновацияларды дамыту:

  • Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу;
  • «Лашын Фактори» ЖШС-нің құрылыс көтергіш машиналары мен тетіктерін (мұнаралы крандар, қасбеттік лифтілер, жүк көтергіштер) өндіру жөніндегі зауыт салу;
  • ЖШС «Word Expert» жиhаз корпустары мен ағаштан жасалған бұйымдар өндіру бойынша цех салу;
  • ЖШС «Kerim Plastic Pipes» полиэтилен және полипропилен құбырларын шығаратын зауыт және пенополиуротенды оқшаулаудағы, металл жылытудағы құбыр зауытын салу;
  • ЖШС «Bolashak Elecric» vs1-12kv сериялы жабық жоғары вольтты вакуумды автоматты ажыратқыш шығаратын зауыт салу;
  • ЖШС «Asia Pipes» пенополиуротенді оқшаулағышы бар турбоқұбырларды өндіру бойынша зауыт салу;
  • Лак-бояу өнімдерін, тоттануға қарсы және оттан қорғау жабындарын өндіруді ұйымдастыру бойынша ЖШС «ВМП Астана зауыт» зауытын салу.
  • «Астана – жаңа қала» АЭА №1 индустриялық паркінің инженерлік инфақұрылымның құрылысын 2025 жылға дейін толық аяқтау.
  • «Астана - Технополис» АЭА №2 индустриялық паркінің инженерлік инфақұрылымының 1-кезегіндегі 1-іске қосу кешенінің құрылысын 2025 жылға дейін аяқтау;

Өңірдің экспорттық номенклатурасын кеңейту және жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құру есебінен еңбек өнімділігінің артуы, сондай-ақ қаланың ЖӨӨ құрылымында инновациялық өнімді 2%-дан астам ұлғайту (құрылыс техникасын өндіру жөніндегі зауыттар (мұнара крандары, қасбеттік лифтілер, жүк көтергіштер), жылу құбырлар, лак-бояцөнімдері және т.б сияқты жобалар).