ЭКСКЛЮЗИВТІ ДИЗАЙН ЖӘНЕ МИНИМАЛИЗМ: ASTANABUILD КӨРМЕСІНДЕ ТОЛЫҚ ӘЙНЕКТЕН ЖАСАЛҒАН ҚАҚПАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛАДЫ
Заманауи жеке архитектура минимализмге – ықшам пішіндерге, таза сызықтарға және артық бөлшектердің болмауына көбірек бағытталуда. Бұл үрдіс тек тұрғын үй интерьерлерін ғана емес, сонымен қатар сыртқы көріністі, оның ішінде қасбеттер мен гараждық құрылымдарды да қамтиды.
Эстетикалық және технологиялық шешімдерге өсіп келе жатқан сұранысты ескере отырып, «АЛЮТЕХ» холдингі стильді сәулеттік жобаларға үйлесімді сәйкес келетін минералды- қасбеттік әйнектелуі бар бірегей секциялық қақпаларды әзірледі.
«МӨЛДІР» ӘСЕР – ЭСТЕТИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
Құрылымның негізі – панорамалық профиль, оған эмалит жабыны бар минералды әйнек орнатылады. Бұл әдіс қаңқаны толық жасырып, тұтас әйнектелген беткей әсерін жасайды. Осылайша, қақпалар көзге байқалмайтын, бірақ функционалды экстерьер элементіне айналады және минималистік қасбет тұжырымдамасымен тамаша үйлеседі.
ҚОЛДАНУДЫҢ ӘМБЕБАПТЫҒЫ
Бұл жаңашылдық тек жеке меншік секторда ғана емес, коммерциялық нысандарда да сұранысқа ие болады. Минералды-қаcбеттік әйнектелуі бар панорамалық қақпалар автосалондар, бизнес-орталықтар, шоурумдар сияқты имидждік нысандар үшін керемет шешім болып табылады. Конструкциялардың заманауи келбеті ғимараттың беделін арттырады, ал кең әйнектелген аймақ табиғи жарықтандыруды қамтамасыз етіп, ашық кеңістік әсерін жасайды.
Шешім бірнеше түсте қолжетімді: ашық сұр, қола және мөлдір (жеңіл айналы әсерімен).
ЖАҢА ӨНІМДІ ҚАЙДАН КӨРУГЕ БОЛАДЫ?
Минералды-қасбеттік әйнектелуі бар эксклюзивті панорамалық қақпалар AstanaBuild көрмесінде, «АЛЮТЕХ» холдингінің фирмалық экспозициясында, D холлының кіреберісіне жақын орналасқан стендте ұсынылады. Дәл осы жерде сіз жаңа шешімді көріп, оның артықшылықтарын шынайы уақыт режимінде бағалай аласыз. Міне, олардың кейбірі:
- Жоғары оптикалық тұрақтылық – линза эффектісінің болмауы, табиғи жарық өткізгіштік;
- 6 мм қалыңдықтағы шыңдалған шынының беріктігі – кәдімгі шыныға қарағанда 10 есе мықтырақ;
- Сызаттар мен механикалық зақымдарға төзімділік;
- Қауіпсіздік – сынған кезде әйнек ұсақ, доғал жиекті бөлшектерге бөлінеді;
- Жылу оқшаулау – қыста жылуды сақтау және жазда қызып кетуден қорғау үшін бірнеше әйнек қабаттарының арасындағы ауа камералары бар.
«АЛЮТЕХ» ASTANABUILD КӨРМЕСІНДЕ ТАҒЫ НЕ ҰСЫНАДЫ?
Премиум санаттағы панорамалық қақпалардан бөлек, компания басқа да инновациялық шешімдерді таныстырады:
- LED-жарықтандыруы бар ашылым герметизаторы – тиеу-түсіру жұмыстарында қауіпсіздікті арттыру үшін;
- Ылғалға төзімділігі жоғары мырышталған жапқыш жабдықтары – ұзақ мерзімді пайдалануға арналған;
- Секциялық және кіру қақпаларының кең таңдауы – қоймалар, өндірістік орындар мен логистикалық орталықтар үшін;
- Сыртқы күннен қорғайтын жүйелер – қасбеттерді қызып кетуден және ультракүлгін сәуледен қорғауға арналған.
Айта кетейік, халықаралық инжинирингтік және өндірістік-сату холдингі «АЛЮТЕХ» Шығыс және Батыс Еуропада, Орталық Азияда орналасқан 4 өндірістік кәсіпорын мен 20-дан астам сату компаниясын біріктіреді. Топ сәулет және құрылыс салаларына арналған жоғары технологиялық өнімдерді ұсынады: алюминий профильдік жүйелері; күннен қорғайтын және роллет жүйелері; секциялық және кіру қақпалары; автоматика және тиеу-түсіру жабдықтары.
Толық ақпаратты төмендегі сілтемелерден таба аласыз:
Сайт: https://alutech-group.com/cis-ru/chastnyy-domovladelec/?setCountry=18
Instagram: https://www.instagram.com/alutech_official_kz/
Коммерциялық және жеке нысандарға арналған болашағы зор шешімдерді көргіңіз келе ме? Сізді AstanaBuild көрмесіндегі D холлда орналасқан «АЛЮТЕХ» компаниясының фирмалық экспозициясында күтеміз!
- -де жасалған