27-ші Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

ASTANABUILD 2026 ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ІС-ШАРА 8 ЕЛДЕН 95 КОМПАНИЯ МЕН 3 800-ДЕН АСТАМ САЛА МАМАНЫН БІРІКТІРДІ

28–30 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА АСТАНАДА ЕЛІМІЗДІҢ ҚҰРЫЛЫС ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ САЛАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ БІРІ МӘРТЕБЕСІН ТАҒЫ БІР МӘРТЕ РАСТАҒАН 26-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР ASTANABUILD 2026 КӨРМЕСІ ӨТТІ.

Көптеген қатысушылар жыл сайынғы қатысудың маңыздылығын атап өтті: «Бұл біздің көрмеге қатысып отырған үшінші жылымыз. Біз жақсы нәтижелерді көріп отырмыз — жаңа пайдалы байланыстар мен өнімімізге деген нақты қызығушылық бар. Сонымен қатар, бұрын байланыс орнатуға тырысқан, бірақ нәтиже болмаған компаниялар көрмеде өздері келді. Қазір байланыс орнатылып, олар ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отыр», — деп атап өтті PlanRadar консультанты Александр Салов.

Биылғы экспозицияға Қазақстан, Қытай, БАӘ, Ресей, Сингапур, Түркия, Өзбекстан және Оңтүстік Кореяны қоса алғанда 8 елден 95 компания қатысты. Оның ішінде 28 компания отандық бизнесті, ал 66 компания халықаралық секторды ұсынды, бұл Қазақстанның құрылыс нарығына деген жаһандық қызығушылық пен жоғары деңгейдегі халықаралық қатысуды көрсетті. Ресей өңірлері ұсынған ұжымдық стендтер, сондай-ақ өнімдер мен шешімдердің кең ауқымын көрсеткен Қытайдың ұлттық экспозициясы ерекше назар аударуға лайық болды.

Халықаралық экспоненттер мен белсенді аудиторияның осындай үйлесімі арқасында көрме нарықтың түрлі сегменттері үшін тартымды алаңға айналды. Үш күн ішінде іс-шараға барлығы 3 819 маман келді (KIOSH және NDT Qazaqstan көрмелерімен бірге), бұл сала тарапынан осындай алаңдарға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын растайды. Іс-шара ауқымын қатысушылар ғана емес, келушілер де жоғары бағалады. «Алюминстрой Қазақстан» CEO-сы Арман Ақпанбет: «Көрме жылдан жылға өсіп келеді және ең алдымен осыны атап өткім келеді. Біз іздеген жеткізушілерді таба алдық. Қытайлық серіктестер белсенді ұсынылған — ең нәтижелі кездесулер дәл солармен өтуде».

Көрме бірқатар жаңа форматтар мен бағыттармен ерекшеленді. Алғаш рет Қазақстан, Ресей және Қытай компанияларының қатысуымен есіктер мен есік фурнитурасына арналған мамандандырылған экспозиция ұсынылды, бұл іс-шараның тақырыптық ауқымын кеңейтті. Келушілердің ерекше қызығушылығын Demo Zone интерактивті алаңы тудырды — мұнда практикалық және оқыту мастер-кластары өткізіліп, қатысушылар жаңа өнімдермен танысып қана қоймай, олардың нақты жағдайларда қолданылуын көре алды. Сонымен қатар, көше экспозицияда құрылыс құралдарының жұмысын көрсету ұйымдастырылып, көрмені одан әрі көрнекі әрі тәжірибелік етті.

AstanaBuild 2026 іскерлік бағдарламасы дәстүрлі түрде көрменің маңызды бөлігіне айналып, мемлекеттік құрылымдар, салалық қауымдастықтар, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдерін біріктірді. 28 сәуірде «Мемлекеттік сараптама» РМК-мен бірлесіп ұйымдастырылған «Құрылыс кодексі және саланы цифрландыру: Қазақстандағы құрылыс саласын басқару, жаңа ережелер мен технологиялар» тақырыбындағы пленарлық сессия өтті. Талқылауға «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары, Қазақстан құрылысшылар одағы, Ұлттық жобалаушылар қауымдастығы, «Астана қаласының урбанистика орталығы» ЖШС, сондай-ақ Astana IT University өкілдері қатысты. Іскерлік бағдарлама аясында «Жылу Оқшаулағыш Материалдарын Өндірушілер Қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастырған «Қазақстандағы жылу оқшаулағыш материалдар нарығы: саланың дамуы, инновациялық шешімдер және кәсіби бірлестіктің рөлі» сессиясы өтті. Сондай-ақ Vellure Central Asia компаниясының семинарлары ұйымдастырылды.

29 сәуірде Professional TANU Association, Сәулетшілер мен дизайнерлер қауымдастығы семинарлар мен мастер-кластар өткізді.

Осылайша, AstanaBuild 2026 Қазақстанның құрылыс секторын дамытуға, инновацияларды енгізуге және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін маңызды кәсіби алаң ретіндегі рөлін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қатысушылардың жоғары бағасы кез келген рейтингтен де маңызды — LCP Building Solutions компаниясынан Айдын Битай: «Көрмеге қатысқанымызға қуаныштымыз — мұнда ынтымақтастыққа мүдделі клиенттер бар және өзара іс-қимылдың алғашқы нәтижелері де байқалуда. Осындай алаңдар бизнесті дамыту үшін өте тиімді құрал деп есептеймін. Орталық Азия нарығына шығуды жоспарлап отырған шетелдік компаниялар үшін бұл — нарыққа ену мен алғашқы байланыстар орнатудың өте жақсы әрі ыңғайлы тәсілі».

Іс-шараларға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Құрылыс және ТКШ істері комитеті, «Мемсараптама» РМК және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ресми қолдау көрсетті.

Іс-шараны ұйымдастырушы — Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі — ICA Events компаниялар тобы.