ASTANABUILD 2026 КӨРМЕСІ АСТАНАДА АШЫЛДЫ: АЛҒАШҚЫ КҮН ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ МЕН САЛАЛЫҚ ДИАЛОГТЫҢ КҮН ТӘРТІБІН АЙҚЫНДАДЫ
БҮГІН, 28 СӘУІР КҮНІ, АСТАНАДА 28–30 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА ӨТЕТІН 26-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР ASTANABUILD 2026 КӨРМЕСІНІҢ РЕСМИ АШЫЛУЫ ӨТТІ.

Дәстүрлі түрде бұл көрме құрылыс саласындағы маңызды кәсіби алаңдардың бірі болып табылады. Көрменің алғашқы күні-ақ іскерлік белсенділіктің жоғары қарқынын көрсетіп, бизнес, мемлекеттік құрылымдар және сарапшылар қауымдастығы өкілдерін саланы дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылау және заманауи шешімдерді таныстыру үшін біріктірді.
AstanaBuild 2026 көрмесінің экспозициясында әлемнің 8 елінен 95 компания ұсынылған, олардың қатарында Қазақстан, Қытай, БАӘ, Ресей, Сингапур, Түркия, Өзбекстан және Оңтүстік Корея бар. Қатысушылардың елеулі бөлігін халықаралық компаниялар құрайды — көрмеге 66 шетелдік экспонент қатысуда, бұл шетелдік серіктестердің қазақстандық нарыққа деген тұрақты қызығушылығын көрсетеді. Сонымен қатар, ұлттық бизнес те кеңінен ұсынылған — 29 қазақстандық компания қатысуда. Ресей Федерациясының Тюмень, Қорған және Липецк облыстарының ұжымдық стендтері, сондай-ақ құрылыс және интерьер шешімдерінің кең ауқымын ұсынатын Қытай өндірушілерінің ауқымды экспозициясы келушілердің ерекше назарын аударуда.
Көрменің алғашқы күні өзара әрекеттесудің дәстүрлі форматтарын кеңейтетін бірқатар жаңашылдықтармен ерекшеленді. Ашық алаңда құрылыс құралдарын нақты жағдайларда көрсету ұйымдастырылып, келушілерге олардың тиімділігін тәжірибе жүзінде бағалауға мүмкіндік берілді. Алғаш рет көрме алаңында Қазақстан, Ресей және Қытай компанияларының қатысуымен есіктер мен есік фурнитурасына арналған мамандандырылған экспозиция ұсынылды, бұл заманауи дизайн мен функционалдылық үрдістерін көрсетеді. Demo Zone аймағындағы оқыту және демонстрациялық мастер-кластар іс-шараның практикалық құндылығын арттырып, мамандарға кәсіби тәжірибе мен білім алмасуға мүмкіндік берді.
Алғашқы күннің іскерлік бағдарламасы көрменің негізгі элементіне айналып, саланың жетекші сарапшыларын біріктірді. Орталық оқиға ретінде «Құрылыс кодексі және саланы цифрландыру: Қазақстандағы құрылыс саласын басқарудың жаңа ережелері, технологиялары және тәсілдері» тақырыбындағы пленарлық сессия өтті, оны «Мемсараптама» РМК-мен бірлесіп ұйымдастырды. Талқылау барысында цифрлық шешімдерді енгізу, нормативтік базаны жетілдіру және құрылыс үдерістерін басқаруды трансформациялау мәселелері қарастырылды. Спикерлер қатарында «Мемсараптама» РМК, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (МСҚБ), «Қазақстан құрылысшылар одағы» ЗТБ, Ұлттық жобалаушылар қауымдастығы, сондай-ақ Astana IT University өкілдері сөз сөйлеп, мазмұнды әрі жан-жақты диалогты қамтамасыз етті.

Іскерлік бағдарламаның жалғасы ретінде «Қазақстандағы жылуоқшаулағыш материалдар нарығы: саланың дамуы, инновациялық шешімдер және кәсіби бірлестіктің рөлі» тақырыбында мамандандырылған сессия өтті. Оны Жылу оқшаулағыш материалдарын өндірушілер қауымдастығы ұйымдастырды. Қатысушылар саланың даму үрдістерін, инновацияларды енгізу және энергия тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Vellure Central Asia компаниясының тақырыптық семинарлары мен мастер-кластары мамандардың біліктілігін арттыруға және тәжірибелік білім алмасуға бағытталды.
Көрменің іскерлік бағдарламасы 29 сәуір күні Professional TANU Association (сәулетшілер мен дизайнерлер қауымдастығы) ұйымдастыратын семинарлар мен мастер-кластармен жалғасады, бұл кәсіби даму мен тәжірибе алмасуға арналған тағы бір алаң болады.

AstanaBuild 2026 көрмесінің алғашқы күні кәсіби қауымдастықтың жоғары белсенділігін, іскерлік күн тәртібінің мазмұндылығын және қатысушылардың ашық диалогқа дайындығын көрсетті. Бүгіннің өзінде көрме жаңа іскерлік байланыстар орнату, тәжірибе алмасу және озық шешімдерді таныстыру үшін тиімді платформа ретінде қызмет етуде. Алда қатысушылар мен қонақтарды мазмұнды бағдарламаның жалғасы және саланы дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктер күтуде.
Көрме Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, «Мемсараптама» РМК мен «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ресми қолдауымен өткізілуде, бұл іс-шараның жоғары мәртебесі мен маңыздылығын айқындайды.
Көрмені ұйымдастырушы — Қазақстандық Iteca көрме компаниясы өзінің халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобымен бірлесіп өткізуде.
Көрме есігі 30 сәуірге дейін ашық, құрылыс саласының мамандарын іс-шара сайты арқылы алдын ала тіркеліп келуге шақырамыз.



