26-шы Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі
26-шы Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

ӨҢІРДІҢ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ШАРАСЫ — ASTANABUILD 2025 9 ЕЛДЕН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ЖИНАЙДЫ

АСТАНА, ҚАЗАҚСТАН — 2025 ЖЫЛДЫҢ 28–30 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА «EXPO» КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНДА 25-ШІ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР ASTANABUILD 2025 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ. БҰЛ ӨҢІРДІҢ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ІС-ШАРАСЫ БОЛЫП САНАЛАДЫ.

Биылғы жылы көрмеге 9 елден — Қазақстан, Германия, Испания, Италия, Қытай, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Оңтүстік Кореядан 98 компания қатысады. Оның ішінде 59халықаралық қатысушылар, бұл шетелдік өндірушілердің Орталық Азия нарығына деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Ерекше назар Германия, Ресей және Қытайдың ұжымдық экспозицияларына аударылады, оның ішінде Германия алғаш рет бірлескен экспозициясын ұсынады. Көрменің жалпы алаңы өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға ұлғайған.

AstanaBuild 2025 экспоненттері азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс, сәулет және дизайн, әрлеу және құрылыс материалдары, инженерлік жүйелер, «ақылды» құрылыс және құрылыс үдерістерін цифрландыру салаларындағы кең ауқымды шешімдер мен технологияларды ұсынады.

2025 жылғы іскерлік бағдарламаның басты бағыты — саланы цифрландыру және дамыту. 28 мамырда «Мемсараптама» РМК ұйымдастыратын «Құрылыс саласындағы цифрлық платформалар» сессиясы өтеді. Спикерлер арасында — МемҚалаКадастр, Қазақстан Тұрғын үй компаниясы, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ және IT-стартаптардың өкілдері. Қазақстан Құрылыс салушылары қауымдастығы «2025 жылы заңнамадағы өзгерістер» форумын өткізеді. Форумда спикерлер Салық және Құрылыс кодекстеріндегі өзекті өзгерістерді талқылап, құрылыс нарығындағы өзекті мәселелер мен сұрақтарды қарастырады. TANU сәулетшілер мен дизайнерлер қауымдастығы практикалық семинарлар өткізеді: құқықтық аспектілерден бастап нейрожелілерді дизайнда қолдануға дейін.

29 мамыр күні TANU қауымдастығы жеке брендті қалыптастыру, инфлюенсерлермен жұмыс, білім беру, дизайндағы стартаптар және басқа да тақырыптар бойынша мастер-класстар сериясын жалғастырады.

Көрменің соңғы күні – 30 мамырда Наталья Елистратованың «Таза пайданы өсіру үшін құрылыста НЕНІ және ҚАЛАЙ есептеу керек» атты мастер-классы өтеді. Қатысушылар компанияның ақшасы мен пайдасының негізгі айырмашылығын түсінеді, сапалы қаржылық есептің алты белгісін меңгереді, өз бизнесін аудиттеуге арналған қадамдық нұсқаулық алады және шынымен пайда әкелетін бағыттарды анықтауға үйренеді. Ерекше назар нақты сандарға негізделген даму стратегиясына аударылады, интуитивті шешімдерге емес. Мастер-класс нақты қорытындылар мен бизнесті сауықтыруға арналған құралдармен бірге «Айналым миллиардтаған болса да, пайда жоқ. Неліктен бұлай және не істеу керек?» атты нақты кейсті талдаумен аяқталады.

Көрмеге ресми қолдау көрсететіндер: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Құрылыс және ТКШ істері комитеті, «Мемсараптама» РМК, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.

Көрме туралы толығырақ ақпарат пен қатысушылар тізімін www.astanabuild.kz сайтынан табуға болады.