25-ші Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі
25-ші Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

ASTANABUILD 2022: ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ ИНДИКАТОРЫ ЖӘНЕ ӨСУДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

AstanaBuild 22-ші Қазақстан халықаралық құрылыс және интерьерлік көрмесінің экспозициясы жақында, 25-27 мамыр аралығында «EXPO» ХКО-да, Нұр-Сұлтан қаласында ашылады.

Құрылыс және интерьерлік салалардың мамандары отандық және халықаралық қызметтер мен өнімдерді өндірушілермен, салалық одақтар мен қауымдастықтардың өкілдерімен, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың жетекшілік ететін басқармаларымен бір алаңда кездеседі. Сарапшылардың болжауы бойынша, жақын арада Қазақстан аумағында құрылыс өсімінің белсенді кезеңі жалғасатын болады, бұл еліміздің астанасында осындай экспо-шараны өткізудің маңыздылығын көрсетеді. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 2022-2025 жылдары Қазақстанда 62 млн. шаршы метр тұрғын үй салу болжанып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, 5,2 мың мемлекеттік нысанның құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 2 137-сі бюджет қаражаты есебінен салынуда.

AstanaBuild көрмесі дәстүрлі түрде жаңа материалдарды, қызметтер мен жабдықтарды, оның ішінде лак-бояу өнімдерін, еден жабындарын, құрғақ құрылыс қоспаларын, сэндвич-панельдерді, құбырлар мен фитингтерді, кәріз жабдықтарын, шатыр және қасбет материалдарын, ПВХ және алюминий бейінінен жасалған бұйымдарды және басқа да құрылыс материалдарын көрсету үшін тиімді алаң болады. Ал 25 және 26 мамырда өтетін көрменің іскерлік бағдарламасының мазмұны 2023 жылғы құрылыс және интерьерлік трендтер бойынша одан әрі даму векторлары мен нәтижелі диалогты анықтауға ықпал етеді.

2022 жылы 5 елдің (Беларусь, Қазақстан, Италия, Ресей, Өзбекстан) 30-дан астам компаниясы экспонент болып табылады. Алғаш рет келесі компаниялар стендтермен өнер көрсетеді: Capaccioli, Latun.kz, Novatex.kz, Авансом, БНВ сервис, Радуга лак-бояу зауыты, Спецпром Invest және басқалар.

Барлық құрылыс бизнес-қоғамдастығын ауқымды іскерлік бағдарлама күтуде, оның негізгі секциялары жаңа Қазақстан қарсаңында құрылыс саласының алдында тұрған негізгі мәселелерге арналады. Көрменің алғашқы күні, 25 мамырда «Қазақстанда BIM технологияларды дамыту. Проблемалар және шешу жолдары» атты Дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстелде өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттарды, құрылыстар мен олардың инженерлік жүйелерін жобалау кезінде цифрлық технологияларды қолдану, сондай-ақ оларды нақты объектілердің үлгісінде табысты қолдану мәселелері қаралатын болады..  Сарапшылар ерте жобалау кезеңіндегі BIM технологиялардың артықшылықтары, құрылыс нысандарын іске асыру кезінде цифрлық шешімдерді енгізу, BIM-стандарт бойынша ұйымдардың жұмысы және BIM-технологияларды пайдаланудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектілері туралы айтып береді. Спикерлер қатарында «Мемсараптама» РМК, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «DIPCO» ЖШС, «KAZGOR» ЖА өкілдері және «AYACOM» ЖШС IT-шешімдерінің, цифрлық трансформациясының интеграторы сөз сөйлейді.

26 мамырда «Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ «Конференция емес – Unconference» атты нетворкинг өткізеді, онда Одақ мүшелері бизнес-кездесу форматында Қазақстанның құрылыс индустриясының өзекті мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар, бір алаңда Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 10-шы Қазақстандық халықаралық конференция мен көрме KIOSH 2022  және «Энергетика, Электротехника және энергетикалық машина жасау» 9-шы Қазақстандық халықаралық көрмесі - PowerExpo Astana 2022 өтеді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы Iteca Қазақстандық көрме компаниясы болып табылады. Іс-шараларға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жыл сайын ресми қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, шараны Қазақстанның Құрылысшылар Одағы, «Мемсараптама» РМК, «ҚҚЖҒСИ» АҚ, KAZGOR Жобалау Академиясы да қолдайды.

Көрме туралы толық ақпаратты және қатысушылар тізімін оқиға сайтынан табуға болады:  www.astanabuild.kz