26-шы Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

ASTANABUILD 2026 АСТАНАДА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ КӘСІПҚОЙЛАРЫН БІРІКТІРЕДІ

28-СІНЕН 30-СЫНА ДЕЙІН АСТАНАДА ASTANABUILD ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ ӨТЕДІ — ҚҰРЫЛЫС СЕКТОРЫ, АРХИТЕКТУРА, ДИЗАЙН САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПҚОЙЛАР ҮШІН НЕГІЗГІ САЛАЛЫҚ АЛАҢДАРДЫҢ БІРІ.

Іс-шара өндірушілерді, жеткізушілерді, құрылысшыларды, жобалаушыларды, салалық мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың өкілдерін біріктіреді.

AstanaBuild өткізудің маңыздылығы Қазақстанның құрылыс саласының белсенді дамуы және оның ел экономикасына елеулі үлес қосуымен байланысты. ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2025 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 10 704,8 млрд теңгеден асты, бұл алдыңғы жыл деңгейінен 15,9% жоғары. Сол кезеңде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 20,0 млн шаршы метрден асты, ал пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлем индексі 2024 жылмен салыстырғанда 5,1% өсті. Сонымен қатар, жеке құрылыс ұйымдары барлық құрылыс жұмыстарының шамамен 90% қамтамасыз етті, бұл секторды дамытудағы жеке капиталдың белсенді рөлін көрсетеді.

Тұрғын үй құрылысы да тұрақты динамиканы көрсетеді: 2025 жылдың қаңтар — қараша айларында шамамен 16,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл алдыңғы жыл көрсеткіштерінен асып түседі және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын көрсетеді.

Мұндай сандар құрылыс саласының Қазақстанның экономикалық өсуінің негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып қала беретінін растайды, дәл осы контексте AstanaBuild көрмесі тәжірибе алмасу, заманауи технологияларды таныстыру, бизнес пен мемлекет арасындағы іскерлік ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ жаңа серіктестіктер мен инвестициялар іздеу үшін маңызды кәсіби алаң ретінде әрекет етеді.

Көрмеге Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия және Өзбекстаннан келген компаниялар, оның ішінде Қытай мен Ресейдің ұжымдық экспозициялары қатысады. Қатысушылар арасында ірі халықаралық өндірушілер де, аймақтық компаниялар да бар. Alubest, Alstar, Avcom Kazakhstan, Dalmex, Garant Tranzit Plus, Panelsan, Yasar, Анкор-Астана, Гипсовинил, М-Конструктор, Полимерметалл-Т өз қатысуын растады. Экспозиция өнімдердің кең спектрін қамтиды: қабырға панельдері мен алюминий профильдерінен бастап лифт жабдықтары мен энергия тиімді инженерлік шешімдерге дейін.

Көрменің іскерлік бағдарламасы іс-шараның маңызды бөлігі болып табылады және құрылыс дамуының өзекті мәселелеріне, нормативтік реттеу мен саланы цифрландыруға бағытталады. Бағдарлама аясында стратегиялық сессиялар мен семинарлар, кәсіби кездесулер, талқылаулар мен тәжірибе алмасу жоспарланған.

AstanaBuild 2026 бизнес үшін жаңа көкжиектер ашады, қатысушыларға өнімдерін таныстыруға, келісімшарттар жасауға және Қазақстанның құрылыс нарығында өздерін танытуға көмектеседі.

Іс-шараға ресми қолдау көрсететіндер: ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Құрылыс және ТКШ істері комитеті, «Мемсараптама» РМК.

Іс-шараның ұйымдастырушысы — Қазақстандық көрме компаниясы Iteca және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.