26-шы Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі
26-шы Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

АСТАНАДА МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР ASTANABUILD 2025 КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

АСТАНА, 2025 ЖЫЛҒЫ 28 МАМЫР — БҮГІН «EXPO» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНДА 25-ШІ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ — ASTANABUILD 2025 ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ.

asb25 1st 05

Көрмеге 9 елден Қазақстан, Германия, Испания, Италия, Қытай, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Оңтүстік Кореядан 99 компания қатысты. Келушілердің ерекше қызығушылығын Германия, Ресей және Қытай компанияларының ұжымдық экспозициялары тудырды. Назар аударарлық жайт, Германия бұл жолы алғаш рет ұжымдық стендпен қатысып отыр, бұл халықаралық экспозиция үшін маңызды оқиғаға айналды.

Таңертеңнен бастап павильондарда қызу қарбалас пен іскерлік қарым-қатынас байқалды: сала мамандары, өндіруші және дистрибьютор компаниялардың өкілдері экспозициямен белсенді танысып, салалық жаңалықтарды талқылап, байланыс және ұсыныстар алмасуда. Келушілер стендтерде ұсынылған инновациялық технологияларға, соның ішінде азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс, сәулет және дизайн, әрлеу материалдары, инженерлік жүйелер, сондай-ақ смарт құрылыс пен процестерді цифрландыру салаларындағы заманауи шешімдерге үлкен қызығушылық танытты.

asb25 1st 09

2025 жылғы іскерлік бағдарламаның басты тақырыптары — саланы цифрландыру және дамыту. Көрменің алғашқы күнінде «Мемсараптама» РМК «Құрылыстағы цифрлық платформалар» тақырыбында сессия өткізді, оған цифрлық технологиялар, BIM-модельдеу және мемлекеттік сараптама салаларындағы жетекші мамандар қатысты. Іс-шараны «Мемсараптама» РМК цифрландыру жөніндегі бас директордың орынбасары Саламат Серікқалиев ашты. Сессия аясында құрылыс үдерістерінің ашықтығы, тиімділігі және басқарылуын арттыруға бағытталған негізгі цифрлық шешімдер мен жобалар таныстырылды.

Пікірталас барысында «Мемқалқалакадастр» РМК, «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілдері қала құрылысы кадастрының геоақпараттық порталының мүмкіндіктері, жобалау және сараптама порталының функционалы, өз ұйымдарының цифрлық сервистері туралы айтып берді, сондай-ақ құрылыс мониторингіне арналған eQurylys жүйесін енгізу тәжірибесімен бөлісті.

asb25 1st 12

Түстен кейінгі уақытта іскерлік бағдарлама аясында Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының 2025 жылғы заңнамадағы өзгерістерге арналған сессиясы өтті. Кездесудің басты оқиғасы – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы Бақытжан Мұратұлы Жүнісбековтің баяндамасы болды. Ол өз сөзінде жаңа Құрылыс кодексі жобасы аясында енгізіліп жатқан негізгі өзгерістерге кеңінен тоқталды. Әсіресе, нормативтік рәсімдерді жеңілдету, құрылыс қызметінің ашықтығын арттыру және нарық қатысушылары үшін қолайлы жағдай жасау шараларына ерекше назар аударылды. Жүнісбеков саланы реформалау барысында мемлекет пен бизнес арасындағы сындарлы диалогтың маңыздылығын атап өтіп, кәсіби қауымдастықпен әрі қарай ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді.

Іскерлік бағдарлама аясында TANU сәулетшілер мен дизайнерлер қауымдастығының мастер-класстары өтті. Күні бойы Қазақстанның жетекші мамандары дизайндағы мансапты дамыту, жеке бренд құру, халықаралық басылымдармен жұмыс, цифрлық құралдар мен инфлюенсерлермен өзара әрекеттесу тақырыптарында тәжірибелік білімдерімен бөлісті. Іс-шара интерьер дизайны саласындағы өзекті трендтер мен тиімді тәсілдерге қызығушылық танытқан кәсіби аудиторияны жинады.

29 мамырда TANU сәулетшілер мен дизайнерлер қауымдастығы семинарлар сериясын жалғастырады — заң аспектілерінен бастап дизайнда нейрожелілерді қолдануға дейін. Ал 30 мамырда іскерлік бағдарламаны Наталья Елистратованың «Таза пайданы арттыру үшін құрылыс кезінде нені және қалай есептеу керек» атты мастер-классы қорытындылайды, онда нақты кейс жан-жақты талданады.

AstanaBuild 2025 көрмесі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, Құрылыс және ТКШ істері комитетінің және басқа да салалық ведомстволардың қолдауымен өтуде.

Іс-шараны ұйымдастырушы – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.

Көрме тағы екі күн бойы жалғасады, құрылыс саласының кәсіби өкілдерін іс-шараның сайтында алдын ала тіркелу арқылы қатысуға шақырамыз!

www.astanabuild.kz