ASTANABUILD 2025 – МЕРЕЙТОЙЛЫҚ 25-МАУСЫМЫНДА ЖАҢА БӨЛІММЕН МҮМКІНДІКТІ КЕҢЕЙТЕДІ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ – ASTANABUILD 2025 ӨЗІНІҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ 25-МАУСЫМЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ. ІС-ШАРА 28-30 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТЕДІ.
Биыл көрме алаңын кеңейтіп, алғаш рет «ЖИҺАЗ» атты жаңа тақырыптық бөлімді ұсынады. Бұл бөлім тұрғын және қоғамдық орындарға арналған жиһаздар, көше жиһазы, өндірістік жабдықтар мен құрамдас бөліктер, сондай-ақ жиһаз компанияларына арналған арнайы қызметтерді қамтиды. Көрмені жаңа сегментпен толықтыру аудиторияны едәуір кеңейтіп, өндірушілер, әзірлеушілер, сәулетшілер мен дизайнерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
2024 жылдың сәтті нәтижелерін ескерсек, шараға 1 764 бірегей маман қатысып, Беларусь, Германия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Канада, Ресей, Өзбекстан, Украина сияқты елдерден 94 компания өз өнімдерін ұсынды. AstanaBuild 2025 құрылыс саласындағы озық тәжірибелермен алмасу, инновациялық идеялар мен стратегиялық шешімдерді талқылау үшін бірегей салалық алаң болуға уәде береді.
AstanaBuild дәстүрлі түрде индустрия көшбасшыларын біріктіріп, іскерлік байланыс орнатуға арналған алаң ұсынады. 2025 жылғы көрмеге қатысушылар қатарына құрылыс саласының жетекші компаниялары қосылды, олардың ішінде: АЛЮТЕХ-АЗИЯ, Pufas, Ак Барс Керамика, Бастау Алматы (SMART PRO), ВодЭкоФильтр, ПОЛИМЕРМЕТАЛЛ-Т, ХЕФЕЛЕ КАЗАХСТАН, Хром-KZ, ЮНГ Центральная Азия, ЮгРегионПласт, Itermic, KSC-PLAST, МЕСА LTD, Norvind, Real Brick Asia, SAFETYHUB. Олардың қатысуы AstanaBuild көрмесінің құрылыс және интерьер индустриясы мамандары үшін негізгі бизнес-платформа ретіндегі мәртебесін растайды.
AstanaBuild 2025 бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, қатысушыларға өз өнімдерін таныстыруға, келісімшарттар жасасуға және Қазақстанның құрылыс нарығында өз позициясын нығайтуға көмектеседі.
Іс-шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Құрылыс және ТКШ істері комитеті, «Мемсараптама» РМК, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, KAZGOR Жобалау академиясы ресми қолдау көрсетеді.
Іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.