ASTANABUILD 2024 ҚҰРЫЛЫС ПЕН ИНТЕРЬЕРДІҢ ЖАҺАНДЫҚ ТРЕНДТЕРІ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН БІРІКТІРЕДІ
2024 ЖЫЛҒЫ 29-31 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА «EXPO» ХКО АУМАҒЫНДА 24-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР ASTANABUILD 2024 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ. САЛАНЫҢ МАҢЫЗДЫ ІС-ШАРАСЫ РЕТІНДЕ КӨРМЕ БЕЛАРУСЬ, ГЕРМАНИЯ, ҮНДІСТАН, ҚАЗАҚСТАН, КАНАДА, ҚЫТАЙ, РЕСЕЙ, ӨЗБЕКСТАН, УКРАИНА СИЯҚТЫ 9 ЕЛДЕН 94 КОМПАНИЯНЫ БІР АЛАҢҒА ЖИНАЙДЫ.
Қазақстаннан 44 компания және шет елдерден 50 компания өздерінің инновациялық шешімдерін, құрылыс және дизайн саласындағы бірегей материалдар мен инновацияларды таныстырады. Бұл елдегі саланың қарқынды дамуын және перспективалы секторға халықаралық қызығушылықты көрсетеді. Көрме алаңы 8%-ға ұлғайып, кездесулерге, идеялармен алмасуға және бизнес мүмкіндіктерін кеңейтуге көбірек мүмкіндіктер туғызды.
Ұжымдық стендтермен Ресей Федерациясының аймақтарынан құрылыс және әрлеу материалдарын өндірушілер, ал Қытайлық өндірушілер бірлескен экспозицияның құрамында қатысады. Көрменің дебютанттары ретінде 42 компания өз стендтерін ұсынады, бұл қатысушылардың жалпы санының 44% құрайды.
Алғаш рет 2024 жылғы экспозицияда үнді, қазақстандық және украиндық компаниялардың өндірушілерінен керамика мен тас галереясы ұсынылады.
Көрменің үш күнінде де келушілерге арналған іскерлік бағдарламаның іс-шаралары өтеді, онда отандық және әлемдік өндірушілер өздерінің табысты кейстерімен бөліседі және құрылыс пен интерьерді дамыту перспективаларын талқылайды.
29 мамырда «Мемсараптама» РМК-дан «Ақпараттық модельдеу технологиясын (BIM) қолдана отырып әзірленген жобаларды автоматтандырылған тексеру перспективалары» атты Дөңгелек үстел өтеді. Бұдан әрі «ҚазҚСҒЗИ» АҚ талқылауы және YouTool, Меезенбург Қазақстан, Professional TANU Association компанияларының семинарлары өтеді.
30 мамыр күні Professional TANU Association (Сәулетшілер мен дизайнерлер қауымдастығы) семинарлары мен мастер-класстары өтеді. 31 мамыр күні «Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ-дан «Өсіп келе жатқан нарық жағдайында құрылыс бизнесін дамыту» атты Конференциясы аудиторияның назарын аударады.
Іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі - ICA Events компаниялар тобы.
Іс-шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Құрылыс және ТКШ істері комитеті, «Мемсараптама» РМК, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ресми қолдау көрсетті.
Көрме туралы толығырақ ақпаратты және қатысушылардың тізімін оқиғаның веб-сайтынан табуға болады: www.astanabuild.kz.