25-ші Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі
25-ші Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

ASTANABUILD 2024 КӨРМЕСІНДЕ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР ӘЛЕМІНДЕГІ ҮРДІСТЕР ҰСЫНЫЛАДЫ

2024 ЖЫЛҒЫ 29–31 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ «EXPO» КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АУМАҒЫНДА 24-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ – ASTANABUILD 2024 ӨТЕДІ.  

Құрылыс саласы кез келген елдің, соның ішінде Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып саналады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың екі айында құрылыс көлемі 12%-ға артып, 356,6 млрд теңгеге дейін жетті. Бұл өсім Қазақстан экономикасының серпінді дамуын растап қана қоймай, инвесторлардың құрылыс саласына деген сенімін көрсетеді. Бұл саланы одан әрі дамыту инфрақұрылымды жаңғырту, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру және ел экономикасына инвестицияларды тарту жөніндегі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді. 

AstanaBuild көрмесі Қазақстан, Беларусь, Қытай, Канада, Украина, Үндістан және Ресейдің жетекші компаниялары мен сарапшылары арасындағы кездесу және тәжірибе алмасу алаңына айналады. Германия өндірушілері біріккен экспозициямен, ал Ресей Федерация аймағының құрылыс және әрлеу материалдарын өндірушілері өздерін ұжымдық стендтер арқылы таныстырады.

2023 жылы экспо-шара көрменің саладағы маңыздылығын көрсете отырып, 1587 бірегей келушілерді қызықтырды. Әлемнің түрлі елдерінен келген 99 компания өз стендтерінде жаңа жабдықтар мен технологияларды, сондай-ақ құрылыс және интерьер дизайны саласындағы әдістер мен стандарттарды таныстырды.

Биылғы экспозиция ерекше әсерлі болуға уәде береді, өйткені алғаш рет Үндістаннан келген өндірушілер Керамика және Тас галереясын, ал Қазақстандық A.Stone Shymkent және Granityukrain компаниялары табиғи тас, фарфор және керамикалық плиткаларды көрмеде ұсынады.

Көрменің дебютанттары қатарында Qorgau, Belintegra, Bwt Barrier Rus, Selena Ca, Comfort Engineering NT, Letina, Sonex, Алюминстрой Қазақстан, Благовест, Меезенбург Қазақстан, Соларджи 18, Тас Кiлем, Юмагс сияқты компаниялар өздерінің бірегей өнімдері мен озық шешімдерін ұсынады.

Көрме экспозициясынан басқа, келушілер мен қатысушыларды қызықты іскерлік бағдарлама күтеді, оның аясында professional TANU Association компаниясының дизайнерлері мен сәулетшілеріне арналған семинарлар, Меезенбург Қазақстан компаниясынан презентация, сондай-ақ бейінді одақтар мен қауымдастықтардың мамандандырылған іс-шаралары өтеді.

Биылғы жылдың жаңалығы ITECA.EVENTS мобильді қосымшасының іске қосылуы болды, оның негізгі міндеті келушілер мен қатысушылар арасында тамаша бизнес-коммуникациялар құру. Қосымша жасанды интеллект, кездесулерді тағайындау, лидтерді жинау және ең өзекті ақпаратты оңтайлы пайдалану мүмкіндіктері мен байланыс алмасуды жақсарту үшін озық алгоритмдер арқылы жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, ITECA.EVENTS – бұл жеке құрылғыңыздың ішіндегі цифрлық форматтағы көрмелер.

Көрменің ұйымдастырушысы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.

Іс-шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, «Мемсараптама» РМК, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, KAZGOR жобалау академиясы ресми қолдау көрсетеді.   

Көрме туралы толығырақ ақпаратты және қатысушылар тізімін іс-шараның www.astanabuild.kz веб-сайтынан табуға болады