Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі
Жаңа өткізу күндері мен мекен жайы
27-29 Сәуір 2022
Нұр-Сұлтан, Қазақстан

КӨРМЕГЕ КЕЛУШІЛЕРДІҢ ПІКІРЛЕРІ

БЕЛЯЕВА ЕЛИЗАВЕТА АНДРЕЕВНА, «БЛАГОВЕСТ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖАРНАМА БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

«Благовест» компаниясы Астана қаласындағы көрмеге алғаш рет қатысуда. Ресейде біздің 11 филиалымыз бар, біз 1995 жылдан бастап жұмыс істеп келеміз, жеке өндірісіміз бар. Өткен жылы біз Қазақстанда бірінші рет ашылдық, біздің қазір Астанада, енді Нұр-Сұлтанда кеңсеміз бар. Бұл біздің бірінші көрмеміз.

Біз Қазақстаннан үлкен потенциал көріп отырмыз. Адамдарды рекуператорлар, желдету жүйелері қатты қызықтырады. Көрмеде көптеген жобалаушылар, инженерлер, құрылыс бойынша мамандармен әңгімелесу мүмкін болды.

Көрмеге біз әкелген өзіміздің жабдық туралы біраз айта кетейін.

Soler&Palau испандық компаниясының желдеткіштерінің саны көп. Бұл өндірушінің спектрі өте үлкен, 300 позициядан асады және пәтер мен үйден бастап, зауыттармен аятағанда желдетудің барлық сызығын жаба алады. Silent сериясының «Сайлентблок» арнайы патенттелген жүйесі бар дыбыссыз желдеткішетірінің орны ерекше, оның дыбыссыз жұмыс істеуге мүмкіндік беретіні соншалықты, сіз тіпті олардың жұмысын естімейсіз де.

Қазақстанда, әсіресе Астанада бірнеше обьектілер сатылды. Талант мұнарасында Soler&Palau желдеткіштері орнатылған. Бұл біз 2 жыл бұрын Қазақстанға кірген жоба. Дәл біз үшін ол осы жерде біздің өнімімізге деген сұраныс, қажеттіліктің бар екені түсінікті болды.


МЕЛЬНИКОВ АЛЕКСЕЙ МИХАЙЛОВИЧ, «АЗБУКА КАМНЯ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

«Азбука камня» компаниясын ұсынамыз, кварцтық алгомераттан бұйымдар, үстелдің үстіңгі тақтайын, терезе алды тақтайларын, алауошақ сөрелерін, баспалдақтар жасаймыз.

AstanaBuild көрмесі жақсы әсер қалдырды, жеткілікті тығыз жұмыс жүргізілді және нәтижелі болды. Шын айтсақ, KazBuild тиімді болатынына күмән болды.

Негізінде барлығы жақсы, қызықты байланыстар бар, көрмеден кейін жұмыс істеу қажет байланыстар бар, көрме аяқталғаннан кейін жоспарланған кездесулер де бар. Жалпы көрме көңілімізден шықты. Бұдан әрі бізді шақырады деп үміттенеміз.


БАРКОВ АЛЬБЕРТ РУДОЛЬФОВИЧ, «АКРОН ПОЛИМЕР» ААҚ САТУ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ

Біздің «Акрон Полимер» компаниямыз полимер-құмды бұйымдар: кәріз люк және сақиналардың өндірушісі болып табылады.

Полимер-құмды композиция тек қана таза экологиялық материалдардан тұрады: біздің айналамыздағы және минералды бояғыштардан тұратын өзен құмынан.

Полимер-құмды сақиналарды өндіреміз, олар бетон сақиналарды алмастырады, орнатқан кезде өте қарапайым және пайдаланғанда жеңіл. Оларды оңай алмастыруға, жаңасын қойюға немесе толықтыруға, жеке секторға пайдаланғандай өндірісте, жол жұмыстарында пайдалануға болады.

Көрмеде біз байланыстар алдық, біздің өнімге деген қызығушылық жеткілікті шынайы болды. Көрмеден келісімшарттар әкелеміз деген оң нәтижелерге сенеміз.


ГИЗАТУЛИН ЕВГЕНИЙ ВИКТОРОВИЧ, «БОЛЬШОЙ ДОМ ДРЕВЕСИНЫ» КОМПАНИЯ ТОБЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ

Біздің компания үй, монша, сауна және саяжай үйлерінің құрылысы үшін табиғи эко тауарларды өндірумен және сатумен айналысады.

Біз ағаш үшін табиғи сіңіргіштерді шығарамыз, олардың ішінде «Құрақ балауызын» ерекше атап өтуге болады; сібір балқарағайынан жасалған қаңқасы және құрылымды сабаннан жасалған матрасы бар ұйықтауға арналған жиһаз бұйымдары, балқарағай жастықтар; біздің жеке ағаш ұсталық өндірісіміз бар: ағаштың бағалы түрлерінен жиһаз және ішкі көрініз заттарын жасаумен айналысамыз; монша және сауналарға арналған күрделі геометриялық ағаш бұйымдарын жасаймыз.

AstanaBuild 2019 көрмесі біз үшін нақты құрылыстық оқиға және іскерлік байланыстар, пікір және тәжірибе алмасу үшін тиімді алаң болды.

Омбы облысының Экспортты қолдау орталығының өкілдері атынан Назарова Анастасия және Александра Жаркованың көрмені ұйымдастырудың жоғарғы деңгейі бүгінгі таңда ресейлік тауарлардың деңгейі жоғары екеніне және құзіреті және кәсіби ілесудің деңгейі жоғары екеніне қайтадан көз жеткізуге мүмкіндік берді.

Көрменің сапалы іскерлік бағдарламасы және керемет жағдайлар біздің компанияға барлық үш күн бойы жұмысты өнімді тәртіпте өткізуге және жеткілікті бағалы ақпарат алуға және әріптестеріміз бен әлеуетті серіктестерімізден кері байланыс алуға мүмкіндік берді.


САВОСТЬЯНОВА АНАСТАСИЯ ЛЕОНИДОВНА, «ИСБ-ИНЖИНИРИНГ» ЖШС МЕНЕДЖЕРІ

Біздің компания нарықта 7 жылдан аса жұмыс істеп келеді. Біз қауіпсіздік жүйесімен айналысамыз.

Биылғы жылы көрмеде біздің екі жаңа жобамыз бар. Бұл «Ақылды үй» жүйесі және қазан және XL-PIPE радиаторларынсыз үйді жылыту жүйесі.

Біз қазір электр су еденін әйгілеумен айналысамыз, себебі біздің қалаға әлі газ өткізілмеген, адамдар қатты отынды пайдаланады.

Қала тұрғындарының өмірін біраз жеңілдетіп, көріктендіргіміз келеді, олардың өмірін аса қолайлы және ыңғайлы еткіміз келеді.

Көрмеге біз бірінші рет қатысып отырмыз. Шын айтқанда біз осы тақырыпқа қызығушылық танытқан адамдардың осындай легі, келушілердің осындай легі болады деп ойламадық.

Біз көрме өте жақсы қозғалтқыш екенін және біздің компания үшін өте жақсы жарнамалық сәт екенін түсінеміз.

Біз көрмеге келгенімізге өте қуаныштымыз. Бәрі өте қызықты және жақсы ұйымдастырылған.

Рахмет.


МОГИЛЕВ СТАНИСЛАВ ОЛЕГОВИЧ, «FARBEN» ААҚ ТЕХНОЛОГЫ

«Farben» компаниясы Омбы облысын таныстырады, біз сулы дисперсиялық материалдарды шығарамыз. Біздің мақсатымыз – біздің фирманы Қазақстанда ұсынатын жақсы өкіл табу.

Көрме өте ұнады және біздің үмітімізді ақтады. Өте көп адамдар келіп лак-бояғыш материалдарды сататын құрылыс ұйымдарын және көтерме базаларын сұрайды, ішкі көріністі өңдейтін адамдар өте көп.


СКАЧКОВ АНДРЕЙ АЛЕКСАНДРОВИЧ «СИБИРСКАЯ АРМАТУРА» КОМПАНИЯСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ

AstanaBuild көрмесіне қатысу туралы пікірлер оң. Себебі, келушілердің көбі мақсатты клиенттер болды. Адамдар легі өте сапалы, мүдделі тұлғалар өте көп болды.

Негізінде, көрменің өзі жақсы ұйымдастырылған. Ұйымдастырушылардың барлығына үлкен рахмет.

Көрмеде құрылыс үшін композиттік тор, арматураны көрсеттік.

Көрмеден үміттенгеніміз – біріншіден ынтымақтастық үшін байланыстар табу, біздің өнімімізді сатып алатын мүдделі клиенттер табу, екіншіден Қазақстанның нарығы туралы жалпы пікір алу.

Одан әрі ынтымақтасу үшін байланыстар табылды, қаншалықты нәтижелі екенін көре жатармыз. Рахмет.


ВЕЛИКАНОВ НИКОЛАЙ ВАЛЕРЬЕВИЧ, «100 КОТЛОВ» КОМПАНИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Біздің компания жылыту жабдығын, атап айтқанда «Горыныч» автоматты қазандарды өндірумен айналысады.

Көрмеге жаңа келісімшарттар жасау, Қазақстан бойынша жаңа дилерлер табу үшін келдік, әсіресе бізді Нұрсұлтан қаласы қызықтырды.

Мақсаттарға қол жеткіздік, жаңа клиенттер таптық. Бүгін кешке келісімшартты талқылау үшін әлеуетті диллерлермен кездесеміз. Көрме өте ұнады, бәріне кеңес береміз. Өндірушілер үшін – бұл бизнесін дамыту үшін бірінші қадам. Келушілер үшін – бұл жаңа технология, жұмыстағы жаңа сарын. Iteca компаниясына рахмет.


АЛЕКСЕЕВА КАРИНА ГЕОРГИЕВНА, «ФАСАДНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ – АСТАНА» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ

Біз «Ронсон» компаниясын ұсынамыз – бұл аспалы қасбет жүйесін өндіруші. Сол сияқты біз қаптаманың екі түрін көрсетеміз – бұл ЛТМ компаниясының фиброцементі, Ресейлік өндіріс және Новосібір қаласы «Сибалюкс» компаниясының болат композиті, алюмокомпозит. Қазақстанда шамамен 6 жылдай жұмыс істейтін біздің дилеріміз бар, біздің өнімді сатады, бұл - «Профиль Хаус Алматы» компаниясы.

Осы уақыт ішінде Астана, Алматы және Шымкентте жеткілікті көп нысандар салынды.

Біздің жүйенің артықшылығы – ол Ресейде жобалаудан бастап қасбетті толық тапсырғанша дейінгі компанияның айналымы.

Көрмеде біз жаңа клиенттерді тартып, биылғы жылы әзірленген жаңа шешімдерді, қаптаманың жаңа мүмкіндіктерін, қасбетерді сату мүмкіндіктерін, ол қалай болатынын көрсеткіміз келеді.

Біз қазақстандық нарықта бұрыннан жұмыс істеп келе жатқандықтан, көрмеге біз білетін клиенттердің шамамен 60-70 % пайызы келді.

Біз қазір BI-Group, Bazis ірі құрылысшылармен жұмыс істейміз, бірақ AstanaBuild көрмесінде кездестірген жаңа клиенттеріміз де бар.